Қазақстандық боксшылар Диана Меңдіғараева мен Сезім Нұрлыбек Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мендіғараева U15 санатында 40 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Үндістан боксшысы Сония Сониямен кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен 0:5 есебінде жеңіліп қалды.
Ал Нұрлыбек осы жас санатындағы 43 келіге дейінгі салмақта тағы бір Үндістан боксшысы Танвимен қолғап түйістірді. Жекпе-жек екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, Танви жеңіске жетті.
Осылайша, екі қазақстандық боксшы да Азия чемпионатының қола жүлдесін місче тұтты.
Бұған дейін 35 келіге дейінгі салмақта Айша Насанова Өзбекстан боксшысы Сарвиноз Зоировадан жеңілген еді.