Тағы бір сенсация! Өзбекстандық Олимпиада чемпионы әлем біріншілігінде жеңіліп қалды

©Reuters

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір Өзбекстан құрамасының боксшысы жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

1/8 финалда 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Шахобиддин Зоиров жеңілді. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы жапониялық Томоя Цубоймен жолығып, 2:3 есебімен есе жіберді. 

Осылайш, Өзбекстан құрамасынан бесінші боксшы әлем чемпионатын аяқтады. Бұған дейін көршілеріміздің сапынан Шахрам Гиясов, Миразизбек Мирзахалилов, Хасанбой Дусматов және Шохжахон Абдуллаевтар жарыс жолын аяқтаған болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар