Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір Өзбекстан құрамасының боксшысы жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
1/8 финалда 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Шахобиддин Зоиров жеңілді. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы жапониялық Томоя Цубоймен жолығып, 2:3 есебімен есе жіберді.
Осылайш, Өзбекстан құрамасынан бесінші боксшы әлем чемпионатын аяқтады. Бұған дейін көршілеріміздің сапынан Шахрам Гиясов, Миразизбек Мирзахалилов, Хасанбой Дусматов және Шохжахон Абдуллаевтар жарыс жолын аяқтаған болатын.