Бұл күндері Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында тағы бір сенсация тіркелді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
2019 жылы Екатеринбург қаласында 57 келіде әлем чемпионы атанған өзбекстандық боксшы Миразизбек Мирзахалилов жеңіліс тапты. Ол екінші айналымда 19 жастағы америкалық Джермал Харвиге есе жіберді.
Осылайша, Өзбекстан құрамасының үшінші боксшысы әлем чемпионатында жеңілді. Осыған дейін жарыс жолынан 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Хасанбой Дусматов (51 келі) Сәкен Бибосыновтан жеңілген еді.
Ал кеше 86 келіге дейінгі салмақта Шохжахон Абдуллаев ауыр нокаутпен жеңіліп, турнирден шығып қалды.