Тағы бір салмақты бағындырады. "Канело" 17 нокауты бар чемпионмен айқасуы мүмкін
Британиялық промоутер Эдди Хирн екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) келесі жекпе-жегін Сауд Арабиясы жерінде өткізуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды vRINGe.com.

Хирннің сөзінше, бұл бойынша алдын ала талқылау да болыпты. Бұл айқасқа келіссе, "Канело" бесінші салмақта чемпион болуға тырысады, өйткені қарсылас бірінші ауыр дивизионда WBC чемпионы Баду Джек (28-3-3, 17 КО).
"Халед ханзадамен бұл жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша сөйлестім. Маған бұл айқас ұнайды, өйткені Джек те төменгі салмақтан көтерілген. Супер орта дивизионда чемпион болды. Енді "Канелоның" командасы бұған қалай қарайды? Меніңше, бапкер әрі менеджер Эдди Рейносо шешімді асығыс қабылдамайтын адам, сондықтан мүмкіндік бар", - дейді промоутер.
Жарнама