Тағы бір маңызды титул. Әлімханұлы тосын мәлімдеме жасады

6 қыркүйек 2023 10:27
©Top Rank

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 KO) бір айдан кейін IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 KO) екі титулды сарапқа салады. Бұл жекпе-жек 14 қазан Розенбергте (Техас штаты, АҚШ) өтеді, деп хабаралйды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы бұл кездесуде аталған екі белбеуден басқа тағы бір маңызды титулдың болғанын қалайды.

"14 қазанда мен The Ring журналының белбеуі үшін де айқасқым келеді! WBO, IBF және The Ring белбеулері сарапқа бірге салынса тамаша болар еді", - деп жазыпты Жәнібек әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport