Бокс
8 тамыз 11:33

Тағы бір қазақстандық АЧ-де Қытай боксшысын жеңе алмады

©ҚБФ

Қазақстандық Жанел Имантаева Таиланд астанасында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық жекпе-жекте Жанел қытайлық Сыруй Янға 1:4 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде Жанел елге қола жүлдемен оралады.

51 келі салмақта өнер көрсеткен Айым Таңкібаева да қытай боксшысынан жеңіліп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport