Бокс
13 қараша 10:02

Тағы бір қазақ чемпион Американы бағындыруға аттанды

©

Қазақ боксшысы Айдос Медеттің (13-0, 9 КО) келесі жекпе-жегінің күні мен қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

24 жастағы Медет АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Бұл жарыс 15 қарашаға жоспарланған. Қазақстандық боксшының қарсыласы – 30 жастағы мексикалық Давид Рейес Кота (25-14-2, 13 КО).

Бұл айқас алты раундқа есептелген және жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді. Бұл Айдос Медет үшін АҚШ-тағы дебюттік кездесу болмақ.


Айдос бұған дейін мамыр айында Ақтөбеде жұдырықтасқан. Ол кезде боксшы отандасы Канағат Манатұлын (9-3, 7 КО) нокаутпен жеңіп, Қазақстан Кәсіби Бокс Комиссиясының екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық атағын иеленген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport