Тағы бір қазақ боксшы кіші әлем чемпионатының финалында
Дина Жоламан мен Надеджа Рябец Болгарияда өтіп жатқан кіші әлем чемпионатындағы 1/2 финалындағы жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Дина Жоламан мен Надеджа Рябец Болгарияда өтіп жатқан кіші әлем чемпионатындағы 1/2 финалындағы жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
54 келіге дейінгі салмақта Жоламан италиялық Сирин Чараабиді 5:0 есебімен тізе бүктірді. Төрешілердің бір ауыз шешімімен жерлесіміз (29:28, 29:28, 29:28, 29:28, 29:28) айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Ал 75 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген Рябец болса Панамадан келген Атейн Байлонға есе жіберді. Панама бокс мектебінің өкілі 0:5 есебімен басым түсті. (27:30, 28:29, 27:30, 27:30, 27:30).
Еске салайық, осыған дейін Назым Қызайбай турнирдің финалына шықса, Дариға Шәкімованың кіші әлем чемпионатында алтынға таласа алмайтыны белгілі болды.
Жарнама