Бокс
Бүгін 10:07

Тағы бір қазақ боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Әлібек Алпамыс Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалына өтіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

U17 жас санатындағы 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Алпамыс жартылай финалда Түрікменстан боксшысы Самир Сабуровпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жектің алғашқы раундынан-ақ қос боксшының деңгей айырмашылығы анық байқалды. Ал екінші раундта төреші кездесуді тоқтатып, жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Әлібек Алпамыс алтын үшін айқасуға мүмкіндік алса, Самир Сабуров қола жүлдені қанағат тұтты.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport