Қазақстандық боксшы Бекхан Оразбай Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында 17 жасқа дейінгі санатта өнер көрсететін Оразбай Таиланд өкілі Нуттапон Бунвисетпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Оразбай жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде турнирдің қола жүлдесіне жетіп отыр.
Бүгін таңғы сессия аясында шаршы алаңға Қазақстанның тағы бір өкілі шығады.
Ал 15:30-да басталатын күндізгі сессияда Қазақстан құрамасынан жеті боксшы өнер көрсетеді.