Бокс
10 қыркүйек 09:06
 

Тағы бір қазақ боксшы ӘЧ жүлдесі үшін өзбекстандық чемпионмен айқасады

  Пікірлер

blog.share

Тағы бір қазақ боксшы ӘЧ жүлдесі үшін өзбекстандық чемпионмен айқасады ©Өзбекстанның олимпиадалық комитеті

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақтағы1/8 финалда ол ринг қожайыны Патрис Мугалзаймен жұдырықтасты.

Алғашқы раунд ағылшын спортшысының пайдасына аяқталды - 4:1. Алайда екінші үш минуттықта Ертуған басымдық танытып, дәл сондай есеппен басым түсті (4:1).

Шешуші үшінші раундта қазақстандық боксшы толық үстемдік көрсетті - 5:0. Нәтижесінде кездесу Ертуған Зейнуллиновтің жеңісімен аяқталды.

Ширек финалда ол енді Финляндия боксшысы Исмаил Умар мен өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаев арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін 1/16 финалда Ертуған Зейнуллинов Франция боксшысы Уго Грауға қарсы өткізген кездесуде де камбэк жасап, жеңіске жеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!