Тағы бір федерация IBA қатарынан шықты

©IBA

Шейцарияның бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) қатарынан шығып, World Boxing атты жаңа ұйымға қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында ұйымнан америкалық федерация шығып кеткен. 

"Дереу IBA-дан шығып, жаңа World Boxing қауымдастығына қосылу туралы шешімге келдік. Бұл шешім бірден күшіне енеді, алайда Делегаттар ассамблеясымен мақұлдану керек. Бұған себеп - Халықаралық олимпиадалық комитеттің бұрынғы AIBA, қазіргі IBA ұйымынан 2024 жылғы Париж Олимпиадасына бокс жарыстарын ұйымдастыру жауапкершілігін алып тастауы болып отыр. Өйткені жемқорлық бойынша айыптар мен этикалық нормалардың бұзылуы көп болып отыр", - делінген федерация хабарламасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport