Жарнама

Бокс
Бүгін 09:39
 

Тағы бір бокс ұйымы қазақстандық кәсіпқойды рейтингтегі орынынан айырды

  Пікірлер

blog.share

Тағы бір бокс ұйымы қазақстандық кәсіпқойды рейтингтегі орынынан айырды ©Тұрар Қазанғапов

Бүкіләлемдік бокс  қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл өзгерістер Қазақстан өкілдеріне де әсер етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүкіләлемдік бокс  қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл өзгерістер Қазақстан өкілдеріне де әсер етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші орта салмақта Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO) екі сатыға төмендеп, 11-орынға жайғасты.

Ал WBA Asia чемпионы Руслан Мадиев (18-2-1, 6 KO) жартылай орта салмақта 10-орнын сақтап қалды.

Зауырбектің жағдайы:

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 KO) үздік үштіктен шығып қалды. "Қазақтың нокауттар патшасы" атанып кеткен боксшы үшінші орыннан төртке сырғыды.

Айта кетейік, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) рейтингте 14 тұрған Сұлтанды рейтингтен мүлде шығарып тастаған еді

Айта кетейік, бұл дивизионда бірінші орын бос тұр, ал екінші және үшінші орындарды Муса Голам мен Джеймс Диккенс иеленген. Ал WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы - Энтони Какейс.

Жеңіл салмақта WBA Asia титулының иегері Елшат Нығметолла (21-0-3, 8 KO) рейтингте тоғызыншы орнын сақтап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!