Сырымбетов өзбек боксшыны жеңіп финалға өтті

©IBA

Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан "Ұлы жібек жолы" халықаралық турнирінде жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz

60 келіде өнер көрсететін Сырымбетов өзбекстандық Бахтиер Асадовпен кездесті. Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшыға берді. 

Айта кеетйік, бұл салмақтағы өзге жартылай фтиналдық айқаста әзірбайжандық Азрак Бобиров Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Саят Ілясовті жеңді. Демек финалда алтынға Сырымбетов пен Бобиров таласады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар