"Сындырамын". "Канелоны" жеңген Биволдың келесі қарсыласы

©boxingscene

5 қараша Абу-Дабиде (БАӘ) Хильберто Рамирес (44-0, 30 КО) Дмитрий Биволмен (20-0, 11 КО) жекпе-жекке шығады. 12 раундтық айқаста мексикалық боксшы ресейліктен жартылай ауыр салмақта WBA Super титулын тартып алуға тырысады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Рамирес антропометриялық артықшылығын пайдаланбақ. 

"Иә, бұл жақсы артықшылық. Мамырда "Канелоны" сабаған кезде Биволда да осы артықшылық болды. Осы жолы ол ұсақтау жігіттің рөлін ойнайды. Бивол - жақсы боксшы. Корпустан көбірек ұрып, басқа да шабуылдар жасаймын. Бұрынғыдай болмаймын. Мен оны сындырамын. Мұны өмірімдегі ең жақсы күйімде жасаймын", - деп береді Хильбертоның сөзін vRINGe.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport