Бокс
20 қараша 2019 10:15

"Сылтау іздемейтін нағыз жауынгер". Әйгілі Тедди Атлас Головкин жеңіске қалай жеткенін айтты

© Reuters
Амеркиалық беделді бапкер әрі сарапшы Тедди Атлас өзінің THE FIGHT with Teddy Atlas подкастында қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) соңғы жекпе-жегіне қатысты ойын айтты. 


"Головкин шаршаңқы көрінгенімен, өзін чемпион ретінде ұстады. Ауыр тыныс алды, алайда, соққы жасау керек кезде ұрды. 

Головкин ауырып жүрді деген сыбыс болды, әбден мүмкін. Ринг сыртында не болып жатқаны ешкімге белгісіз. Бәрі мүмкін. Шынымен ауырып қалуы мүмкін, бірақ, бұл туралы айтылмайды, өйткені ақталу сияқты естіледі. Головкин сылтау іздейтін жігіт емес. Ол чемпион және нағыз жауынгер. Деревянченко да сондай. Мойындау керек, ол да өзін чемпиондай ұстады. Ол жерде лас ештеңе болмады. GGG шықты да, өз жұмысы жасады, ештеңе деп шағымданған жоқ.

Техникалық тұрғыда Деревянченко жеңуі де мүмкін еді. Мен есеп жүргізбедім, алайда, ол жеңіске жететіндей таза соққылар көп жасады. Дегенмен бұл бокс. Мұндай жағдайдың көбінде жеңісті атағы шықққан боксшыға береді. DAZN Головкинге жақсы төлейді, әлбетте, 365 миллион емес, бірақ, айтарлықтай көп. Ковалев стриминг қызметінен 365 миллион алатын жігітті төрешілер шешімімен жеңу мүмкін ба еді? Өтінемін...

Деревянченко жекпе-жекке шынымен жақсы дайындалған. Головкин шынымен қартайды ма, әлде шынымен ауырып шыққанын білмеймін. Оған өте ауыр болды, алайда, ол өз ісін жасады.

Төрешілер шешімі әділ болды ма, ол жағын айта алмаймын. Бірақ бір білерім - Головкин ол кеште жеңіске толықтай лайық болды", - дейді Атлас.