Атақты америкалық бапкер ресейлік боксшыны 2008 бен 2011 жылдар аралығы жаттықтырып, WBA титулын жеңіп алған, ал маманмен Поветкин менеджері Влад Хрюнов арқылы байланысқа шыға алған екен.
- Ұшақтан түскендегі бірінші ойыңыз?
- Үйге қайтқым келді. Мәскеуден кішірек Чехов атты қалашыққа аттандық. Оқшаудағы мекендей көрінді. Жолдардың көрінісінен, тіпті адамдардың бетінен кедейшілікті табын байқадым. Ал мен бұл қалашықта ақша мен билікті иемденіп алғандар қасында екенімді түсінуге көп уақыттың қажеті болмады. Олар сол жерді бақылауында ұстады. Поветкиннің менеджері де сондай болатын. КССР ыдырағаннан кейін мұндай қалашықтар ойран болғанын түсінуге арнайы білімнің қажеті жоқ. Ондай уақытты бізде "ақырған жиырмасыншы жылдар" дейді.
Оларда "сұрапыл тоқсаныншы" деп аталады екен. Америкада да бір кездері сондай жағдай болған. Ресейде орта тап болмады, байлар мен су, көкөніс әйтеу бірдеңе сатып, күн көруге тырысқан кедейлер ғана. Суық әрі көңілісіз болды. Бай, көрікті жерлер де бар. Бірақ мен қыдыруға барған жоқпын. Қонақүй-зал-қонақүй.
Поветкинмен тілмаша рқылы сөйлестік. Бізде де Александр сияқты туған жерінен аттап шыққысы келмейтіндер бар. Ол жаттығуға Ресейден АҚШ-қа ешқашан бармайтынын айтты. Дегенмен мені сыйлағандықтан лагердің жартысын АҚШ-та өткізуге келісе алдық", - дейді Атлас.