Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Астанада өткен Әлем кубогіндегі команда нәтижелері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Меніңше, нәтиже жақсы. "Бес" деген баға қоюға болады. Егер тағы бір-екі спортшы алтын алғанында – "бес плюс" болушы еді. Команда бес алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Көңілім толды. Кейбір салмақ дәрежелері бойынша сұрақтар бар, бірақ алда тағы бірнеше турнир бар - сол кезде көре жатармыз", – деді Сәтжанов.
Сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар жоғары деңгейлі дайындықты көрсетті және жалпы 16 жүлде жеңіп алды: сегіз алтын, төрт күміс және төрт қола.
Әлем кубогінің чемпионы болған қазақстандықтар:Санжар Тәшкенбай (50 кг);
Махмұд Сабырхан (55 кг);
Сабыржан Аққалықов (75 кг);
Бекзат Нұрдәулетов (85 кг);
Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары);
Назым Қызайбай (48 кг);
Виктория Графеева (60 кг);
Наталья Богданова (70 кг).
Нұрбек Оралбай (80 кг);
Алуа Балқыбекова (51 кг);
Надежда Рябец (75 кг);
Елдана Тәліпова (+80 кг).
Ертуған Зейноллинов (65 кг);
Сағындық Тоғамбай (90 кг);
Айдана Забынбекова (57 кг);
Аида Әбікеева (65 кг).