Бокс
6 желтоқсан 2019 10:06

"Сұрақ қалмайтындай жең". Әлемнің бұрынғы чемпионы "Канело" - Головкин текетіресінің жеңімпазы анықталмағанын айтады

© Тұрар Қазанғапов
Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Рэй Манчини Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 KO) арасындағы текетіреске анық басымдық болмай нүкте қоюға болмайды деп есептейді, - деп хабарлайды vRinge.com.


Оның сөзінше, GGG-ді анық жеңбей мексикалық p4p рейтингінде бірінші болуға лайық емес.

"Канелоға" қарсы емесмпін: мықты боксшы, жетістігі таңдандырады. Тек Головкинмен екі жекпе-жекте жеңбеді деген ойдамын. Сондықтан тағы біреуі қажет. Ол тіпті қарымтадан кейін бірден өту керек еді. Қане, "Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жекке кел. Оны сұрақтар қалмайтындай, анық жең, сол кезде бірден рейтингте екінші немесе бірінші де боласың. 

Бәрібір дау тудырды ғой. Үшінші жекпе-жексіз болмайды. Не үшін бас тартады? Рэй Робинсон мен Джейк Ламотта болғанда анығына жету үшін тезірек ұйымдастырыр еді", - дейді Манчини.