Суперчемпионмен титулды айқасқа шығатынға ұқсайды. Головкин жаттығу лагерін бастады

©Pinterest

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жаттығу лагерін бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшы әлеуметтік желіде жаттыға бастағанын білдіріп, фотосурет жариялаған екен. Суретте GGG, ағасы Максим Головкин, қазақстандық боксшы Али Ахмедов (17-1, 13 КО) және физикалық дайындық бойынша бапкері Кристофер Камачо.

"Бәрін аман-сау көргеніме қуаныштымын", - деп жазыпты Головкин.

Еске салайық, Головкиннің келесі айқасы туралы әлі ресми хабарланған жоқ. Дегенмен қазақстандық рингке желтоқсанда Жапонияда шығады деп күтілуде, ал ықтимал қарсыласы WBA "суперчемпионы" Риота Мурата (16-2, 13 КО) болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар