"Суперчемпион" белбеуінен айырылған жапон боксшы Головкинге алғыс айтты

©luxfm

Орта салмақта әлемнің экс чемпионы Риота Мурата (16-3, 13 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) алғыс білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Титулды айқаста Мурата WBA Super белбеуінен айырылды.

"Головкинге, Максимге және оның командасына алғыс айтамын. Teiken Gym командасына рахметімді айтамын. Teiken Gym мүшесі болғанымды мақтан тұтамын", - делінген қазақстандық былғары қолғап шеберімен түскен суретке жазбада.

Аталмыш жекпе-жекте Геннадий Головкин IBO және IBF белбеулерін қорғап қалды.

Риота Муратаның әлеуметтік желіде қалдырған жазбасына Максим Головкин алғашқылардың бірі болып пікір білдірді.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport