Суперауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы наурызда жекпе-жекке шығады

Иван Дычко. Сурет: The Heavyweight Factory

Екі дүркін Олимпиада жүлдегері Иван Дычко (9-0, 9 КО) рингке қашан оралатыны айтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Суперауыр салмақтағы боксшының менеджері Зия Әлиев дайындық барысы туралы айтып берді.

"Біз бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бізде әртүрлі промоутерден көптеген ұсыныс бар. Біз кім және не ұсынатынын қарастырамыз, сонымен қатар, Дычко рингке оралуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Рингке наурызда оралатын шығар. Біз жекпе-жекті ақпанда жоспарлаған болатынбыз, бірақ Америкадағы шоулардың 90 пайызға жуығы COVID-19 салдарынан шегерілді. Наурызда да өтпейтін шоулар бар, бірақ біз сол айда оралуға тырысамыз", - деді Әлиев Дычконың келесі жекпе-жегі туралы. 
 
Иван Дычко Флоридада дайындық үстінде. Оған Джон Дэвид Джексон көмектесіп жатыр.

Қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы шілдеде америкалық Нэйт Хэвенге қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген болатын. 

Жаңалықтар