Суперауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы келесі жекпе-жегінде WBA титулын қорғайды

Видеодан алынған кадр

Суперауыр салмақта WBA International титулы бар қазқастандық Жан Кособуцкийдің (15-0, 14 КО) келесі қарсыласы мен жекпе-жек күні белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, 32 жастағы боксшы титулын Гамбургте қорғайтын болды. Бұл жекпе-жек 21 тамызда өтеді, ал қарсылас 31 жастағы америкалық Джоуи Давейко (21-8-4, 12 КО) болады. 

Еске салайық, о баста Жан Лондонда бірінші жекпе-жегін өткізеді деп күтілген. Бұл үшін оған екі қарсылас таңдалған болатын. 

Кейінгі рет қазақстандық боксшы осы Гамбургте ақпан айында жұдырықтасып, нигериялық Онориоде Евариемені (18-2, 17 КО) нокаутқа түсірген. 

Жаңалықтар