Суперауыр салмақтағы қазақстандық Энтони Джошуамен спаррингке шықты

Нұрсұлтан Аманжолов және Энтони Джошуа. Сурет: twitter.com/inside_fighting

Суперауыр салмақтағы 27 жастағы қазақстандық Нұрсұлтан Аманжолов (3-0, 2 КО) осы дивизионда WBA, IBF, WBO және IBO чемпионы Энтони Джошуамен (24-1, 22 КО) спарринг өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Британиялық чемпионның рингке қашан оралатыны әзірге белгісіз. Дегенмен жазда ол отандасы WBC титулына ие Тайсон Фьюримен жекпе-жекке шығуы ықтимал. Нұрсұлтан британиялық боксшыға осы айқасқа дайындалуға көмектесіп жатқан болса керек. 

"Энтони Джошуа қазақстандық суперауыр салмақтағы Нұрсұлтан Аманажоловпен бірнеше раунд өткізді", - делінген Inside Fighting твиттер аккаунтында. 

Еске салайық, Аманжолов рингке кейінгі рет былтыр шілдеде босниялық Дражан Джананинге қарсы шығып, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. 

Жаңалықтар