Бокс
Бүгін 14:33

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы жеңіліп көрмеген британиялықпен айқасады

©instagram.com/ivandychko

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычконың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дычко 6 маусым күні Англияның Борнмут қаласында өтетін Zuffa Boxing 7 турнирінің андеркартында өнер көрсетеді. Қазақ боксшысының қарсыласы жеңіліп көрмеген британдық Харви Дайкс болмақ. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.


Айта кетейік, Иван Дычко соңғы кездесуін 2025 жылдың қыркүйегінде өткізіп, кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңіліс тапқан еді. Ол америкалық Джермейн Франклиннен жеңілген.

Бұл айқас мексикалық жұлдыз Сауль Канело Альварес пен америкалық Теренс Кроуфорд арасындағы үлкен бокс кешінің аясында өткен болатын. Сол кездесуде Кроуфорд жеңіске жетіп, екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атанған еді.

Ал Дычконың болашақ қарсыласы Харви Дайкс соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында өткізді. Сол кеште ол Борнмутта беларусьтік Виктор Чварковты жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport