Суперауыр салмақта жеңілмеген нокаутшы Елеусіновпен бір бокс кешінде жұдырықтасады

Сурет: croatiaweek.co
2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және кәсіпқойда жеңілмеген аса ауыр салмақтағы проспект хорват Филип Хргович (10-0, 8 КО) келесі жекпе-жегін АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.  

Бұл бокс кешінде қазақстандық Данияр Елеусінов те жұдырықтасады, ал шоуды DAZN стриминг қызметі трансляциялайды.

BoxRec.com мәліметінше, "Астана Арланс" командасының бұрынғы боксшысы Хрговичтің қарсыласы амеркиалық Джерри Форрест (26-3, 20 КО) болмақ.

Ал Елеусінов бірінші жартылай орта салмақта үш тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жекке шығады.