Бокс
27 наурыз 2020 09:37

Суперауыр салмақта 12 нокауты бар қазақстандық мамырда жекпе-жекке шықпақ

Сурет: Shamo Boxing Promotions
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) келесі жекпе-жегін мамырда өткізуі мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында кәсіпқой боксшы короновирус жоспарын бұзбайтынына үміттенетінін айтты. 


31 жастағы қазақстандық 2020 жылды бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, бұл кездесуде ол 29 жастағы ганалық Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) нокаутпен жеңген.



"Мамырда Гамбургте жекпе-жек өткізуім мүмкін. Егер коронавирусқа байланысты карантинді ұзартпаса. Қарсылас? Бірнеше боксшы бар, бірақ, нақты шешілген жоқ", - дейді Кособуцкий.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұл қалада бұрын да жекпе-жек өткізген. Былтыр қарашада Жан хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутқа түсіріп, IBO ұйымының құрлықтық титулын жеңіп алған.

Еске салайық, Кособуцкий кәсіпқой карьерасын 2017 жылы бастап, Германия, БАӘ, Беларусь, Ресей мен Украинада өнер көрсеткен. Әуесқойда боксшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған.