Суперауыр дивизионда 12 нокауты бар жеңілмеген қазақстандық шілдеде жекпе-жекке шығады

Сурет: instagram.com/kossobutskiy
Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) Биылға екінші жекпе-жегінің уақыты мен орны белгілі болды. Бұл туралы боксшы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. 

Жекпе-жек 4 шілдеде Гамбургте өтуі мүмкін. Айта кетейік, қазақстандық боксшы осы қалада IBO тиутыл үшін айқастың бірінші раундында-ақ хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутпен жеңген.

Шілдедегі кездесу статусы мен қарсылас кім болатыны әзірге белгісіз, дегенмен, бұл жекпе-жек те титулды болуы мүмкін. Агрон жарты жыл рингке шықпағанын есепке алсақ, боксшылар қайта кездесуі де ықтимал. 

Қазір қазақстандық боксшы жекпе-жекке дайындалуда - жаттығып, Германияға кіруге қажетті құжаттар жинауда. Қазақстандық нокаутшы үшін ендігі жалғыз кедергі коронавирус пандемиясы ғана. Германияда жағдай тұрақталғанымен, виза алуда қиындықтар болуы мүмкін.