Жекпе-жек 4 шілдеде Гамбургте өтуі мүмкін. Айта кетейік, қазақстандық боксшы осы қалада IBO тиутыл үшін айқастың бірінші раундында-ақ хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутпен жеңген.
Шілдедегі кездесу статусы мен қарсылас кім болатыны әзірге белгісіз, дегенмен, бұл жекпе-жек те титулды болуы мүмкін. Агрон жарты жыл рингке шықпағанын есепке алсақ, боксшылар қайта кездесуі де ықтимал.
Қазір қазақстандық боксшы жекпе-жекке дайындалуда - жаттығып, Германияға кіруге қажетті құжаттар жинауда. Қазақстандық нокаутшы үшін ендігі жалғыз кедергі коронавирус пандемиясы ғана. Германияда жағдай тұрақталғанымен, виза алуда қиындықтар болуы мүмкін.