Бүгін, 26 қазанда Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында рингке екі қазақстандық шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сәкен Бибосынов 1/16 финалда өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады.
Айта кетейік, 24 жастағы Бибосынов - Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ал 28 жастағы Дусматов - 2016 жылғы Рио Ойындарының чемпионы. Сонымен қоса, ол кәсіпқойда үш жекпе-жек өткізіп, бәрін нокаутпен жеңген.
Тағы бір қазақстандық Нұрқанат Райыс 75 келіде 1/32 финалдық кездесуін черногориялық Стефан Савковичпен өткізеді.
Екі жекпе-жек те кешкі сессияға жоспарланған. Бұл айқастарды Qazsport тікелей көрсетеді, басталуы 22:00. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.