Британиялық промоутер Эдди Хирн суперауыр салмақта WBA, IBF, WBO және IBO чемпионы Энтони Джошуа (24-1, 22 КО) мен осы дивизионда WBC титулына ие Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды sports.ru.
"Боб Арумға аздап алаңдаймын. Онымен бейсенбі және жұмада сөйлестік, ал кешегі сұхбатында ол менен екі апта хабар алмағанын айтыпты. Бес күн бұрын ол : "Дайын, Сауд Арабиясында, бұл келісімшарт және тағы сол сияқты көп дүние айтқан еді.
Екі жігіт те Таяу Шығыспен жасалған келісімді қабыл алды, қазір осы келісімді бекітіп жатырмыз. Бірақ бұл біз ойлағаннан ұзағырақ болатын сияқты. Боб Арумның айтқаны: "Эдди Хирн сенің уақытың бітті". Бұл айқаста серіктес болуымыз керек еді. Ал қазір жекпе-жек бойынша жұмыс істеп жатқан жалғыз адам - мен ғана. Ал мен бұл айқасты өткізбейінше тоқтамаймын.
Бізде келісім бар, қойылған келісімшарт та қолда, өтетін орын белгіленген. Келесі аптада жария етеміз.
Бұл жекпе-жекке бәрі келісті, ал мен ол өткенше асықпын, өйткені Энтони Джошуа бұл айқаста Тайсон Фьюриді нокаутқа түсіреді", - дейді Хирн.
Джошуа - Фьюри шамамен 24 шілде Сауд Арабиясында өтеді деп күтілуде.
Айта кетейік, Эдди Хирн қазақстандық Геннадий Головкинмен де бірге жұмыс істейді.