Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер (42-2-1, 41 КО) биыл қазанда фин боксшы Роберт Хелениуспен (31-3-2, 20 КО) жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы британиялық промоутер Фрэнк Уоррен мәлімдеді, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Деонтей қазанда жұдырықтасады. Хелениуспен жекпе-жек туралы айтылуда. Америкада өтеді. Бұл айқасты ұйымдастырғым келеді, бірақ, Уайлдер ауыр нокауттан кейін оралуда. Фьюримен жекпе-жектегі нокаут ол үшін бір сұмдық болғаны сөзсіз", - деп береді Уорреннің сөзін Boxing 24/7.
Еске салайық, 37 жасқа келетін Уайлдер былтыр қазан айында Тайсон Фьюриден (32-0-1, 23 KO) 11 раундта нокаутқа түсіп, карьерасында екінші рет жеңілді.