Бокс
15 шілде 2022 07:30
 
Сұмдық нокауттан кейін. 41 қарсыласын сұлатқан экс чемпион рингке оралады

  Пікірлер

blog.share

Сұмдық нокауттан кейін. 41 қарсыласын сұлатқан экс чемпион рингке оралады ©Sky Sports

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер (42-2-1, 41 КО) биыл қазанда фин боксшы Роберт Хелениуспен (31-3-2, 20 КО) жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы британиялық промоутер Фрэнк Уоррен мәлімдеді, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Деонтей қазанда жұдырықтасады. Хелениуспен жекпе-жек туралы айтылуда. Америкада өтеді. Бұл айқасты ұйымдастырғым келеді, бірақ, Уайлдер ауыр нокауттан кейін оралуда. Фьюримен жекпе-жектегі нокаут ол үшін бір сұмдық болғаны сөзсіз", - деп береді Уорреннің сөзін Boxing 24/7.

Еске салайық, 37 жасқа келетін Уайлдер былтыр қазан айында Тайсон Фьюриден (32-0-1, 23 KO) 11 раундта нокаутқа түсіп, карьерасында екінші рет жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!