"Сұмдық нокаут күтіп тұр". Әлем чемпионы "Канелоның" үлкен қателік жасағанын мәлімдеді
Бірінші ауыр салмақта WBC чемпионы конголезиялық Илунга Макабу (29-2, 25 КО) суперорта дивизионның абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) крузервейтте нокаутпен жеңілетініне сенімді.

"Бұл оның жасап отырған үлкен қателігі. Ол бокспен ойнап, әзіл көріп жүрген сияқты. Бокс бұл - мәртебелі спорт. Егер ол крузервейтке өтсе, оны сұмдық нокаут күтіп тұр. "Канелоның" соққысы ауыр деп ойласа, оны менімен не күтіп тұрғанын білмегені.
"Альварес - супержұлдыз, бірақ, мен де кем емеспін. Жекпе-жек туралы сұраған өздері. Ол крузервейтке өтіп, басын қатерге тігуде. Мен оны нокаутқа түсіремін. Ол Макабуды нокаутқа түсіреді деп ойлайсыздар, бірақ, қателесесіздер. Мен айқасқа дайынмын және оны тоқтата аламын", - деп береді Макабудың сөзін BoxingScene.
Жарнама