Бірінші ауыр салмақтағы британиялық проспект Крис Биллэм-Смит (17-1, 12 КО) косоволық Арменд Ходжайды (14-3, 7 КО) ауыр нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек Англияның Борнмут қаласындағы Bournemouth International Centre спорт кешенінде өткен бокс кешінің басты айқасы болды.
Бесінші раундта Биллэм-Смит соққы сериясын жасап, қарсыласын есінен тандырды. Бұл жыл нокаутына ұсынылуы әбден ықтимал.