"Сұмдық қой...". Америкалық боксшының финалда қазақтан жеңілгені AIBA жемқорлығынан деп айтылуда
Екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы америкалық Шакур Стивенсон Белградтағы әлем чемпионаты финалындағы Роско Хилл мен Сәкен Бибосынов арасындағы жекпе-жекте төрешілер әділетсіз шешім шығарды деген ойда, деп хабарлайды Vesti.kz.

Төреші таза жеңген Сәкен Бибосыновтың орнына америкалықтың қолын көтерді
"Роско Хилл екінші және үшінші раундта жеңді деп ойладым. Ал бұл төрешілер мені соқыр немесе сол сияқты етіп сезіндірді. Ол шынымен мықты, екінші және үшінші раундта басым болды. Оның үстіне бірінші раундтағы 10-8 есебі сұмдық қой - AIBA әлі де жемқорлыққа батып отыр", - деп жазыпты Стивенсон твиттерде.
Бұл сөзді 2019 жылғы әлем чемпионаты және 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері америкалық Кишон Дэвис қолдады.
"Олар Роско Хиллді әлем чемпионатында алдағаны анық. Бұл мен көрген ең ессіз шешім, айдан анық солай. Әуесқой жүйе болғандықтан ғана ешкім осы туралы айтпайды..." - деп жазыпты Дэвис твиттерде.
Жарнама