auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Сұмдық жекпе-жек болады". Промоутер Садриддин Ахмедовтың төрт титул үшін айқасы туралы

"Сұмдық жекпе-жек болады". Промоутер Садриддин Ахмедовтың төрт титул үшін айқасы туралы
Садриддин Ахмедов. Сурет: Eye of the Tiger Management©

Бірінші орта салмақта WBC "жастар" титулына ие Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) нидерландтық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жекпе-жекке қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы RingTV сайтына сілтеме жасап. 

Бұл кездесу 29 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде өтеді. Жеңімпаз WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленеді.

"Бұл мен үшін жақсы сынақ. Даньо - менің ең мықты қарсыласым және біз аймақтық бірнеше белбеу үшін айқасамыз. Меніңше, карьерамның жаңа тарауы басталады. Даньо - техникасы жақсы және қайсар боксшы. Маған қарағанда, тәжірибесі мол, бірақ, мен бұл жекпе-жекке дайын келемін. 

Рингке шыға алмай жүргеніме көп болды деп шағымданғым келмейді: қазір көптеген адам үшін ауыр уақыт. Өзгелер жұдырықтаса алмай жүргенде, промоутерім мені активте ұстап отырғанына қуаныштымын", - дейді Ахмедов.

Ахмедовтың ісін жүргізетін Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының басшысы Камиль Эстефан да өз ойын айтты. 

"Садриддин жас және бұл оның карьерасындағы алға бір қадам. Даньо - өте мықты ардагер, сондықтан бұл сұмдық жекпе-жек болады", - дейді промоутер.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама