"Сұмдық айқас". Головкинмен жаттыққан нокаутшы жеңілмеген боксшыға қарсы жекпе-жек жайында

Сурет: Fightnews.info
Ауыр салмақтағы британиялық Джо Джойс (10-0, 9 КО) отандасы Даниель Дюбуамен (14-0, 13 КО) жекпе-жекте жоғары деңгейде жұдырықтасатынын дәлелдемек. 

"Кім жеңетінін анық білмейсіздер ғой. Жекпе-жек туралы хабарланғанда көбі Дюбуа жеңеді деген ойда болды. Бұл тамаша, өйткені олардың қателесетінін көрсетем. Фрэнк Уоррен оның ісін жақсы жүргізіп келеді - ол мықты, жеңіске ынтасы зор, сондықтан бұл кездесу жай сынақ болмайды, бірақ, мен күшіме сенемін. Түкке жарамайтын болсам, мына жерде тұрмас едім. Уоррен боксшылары арасында ең мықты екенімді дәлелдеймін. Шыңға жетемін. Бұл сұмдық айқас болады. Міне сондықтан оны бәрі тамашалағысы келеді", - деп береді Джойстың сөзін vRINGe.com.

Айта кетейік, бірнеше рет шегерілген Джойс - Дюбуа жекпе-жегі 24 қазанға белгіленді. Ал кездесу Лондонда өтеді.

Джойс бір кездері орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен Абель Санчестің лагерінде бірге жаттықан.