Кособуцкий (14-0, 13 КО) ауыр салмақтағы IBO Inter-Continental белбеуін америкалық Стив Вукошаға (12-1, 4 КО) қарсы қорғайтын болды. Он раундқа жоспарланған бұл кездесу 17 қазан күні Дюссельдорф қаласында өтеді. Ал америкалық боксшы болса USA New England және WBC United States (USNBC) белбеулерін жеңген.
"Жан - біздің бокс кештері үшін тамаша актив. Оның жекпе-жектері көрермендерді қызықтырады. Ол аяқ-асты және жарқын түрде танылды. Алдағы жекпе-жек келесі қадамы болмақ. Қызықты өтеріне сенімдімін. Бұл сұмдық айқас болады", - дейді Мирабаль.
31 жастағы Кособуцкий болса соңғы кездесуін Агрон Смакичиге қарсы өткізіп, IBO белбеуін жеңіп алды. 2020 жылы отандасымыз екі кездесу өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жетті. Алдағы кездесуде IBF ұйымының Еуропа чемпионы деген атағы сарапқа салынады.