Бокс
16 тамыз 2022 07:41

"Су астында ауасыз 4 минут". Менеджер чемпионның адам нанғысыз жаттығулары жайлы

©Видеодан кадр

Ауыр салмақта чемпион Александр Усиктің менеджері Эгис Климас украиналықтың Энтони Джошуамен жекпе-жегіне дайындық туралы айтып берді, деп хабарлайды "Чемпионат"

"Усик жаттығу лагерін өткізген Дубайдан кеше ғана келдім. Ол дайын. Ол не ойлайтынын айту қиын, бірақ, ол өте мықты және жанын салып дайындалды: 10 шақырым жүзіп, 100 шақырым велосипедпен жүрді және су астында ауасыз 4 минут 40 секунд отырды. 

Джошуа қауіптірек бола ма? Білмеймін. Ринг бәрін көрсетеді. Джошуа Усикті зертегеніне сенімдімін. Олар рингте 12 раунд өткізді. Олар бір-бірін біледі. Сондықтан айқас қызықты болады", - деп береді Климастың сөзін iFL TV арнасы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport