"Странж Кубогі". Қазақстандық боксшылар ширек финалда
Бокстан Болгарияда өтіп жатқан халықаралық турнирде Бейбарыс Жексен былтырғы әлем чемпионатының жүлдегерін жарыстан шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бокстан Болгарияда өтіп жатқан халықаралық турнирде Бейбарыс Жексен былтырғы әлем чемпионатының жүлдегерін жарыстан шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Странж Кубогінің" ширек финалы сарапқа салынған жерлесіміз Франциядан келген Сэмуэль Кистохарриді жеңді. 57 келіге дейінгілер арасында Жексен төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті.
Осыған дейін 80 келіде Ерасыл Жәкпеков пен 92 келіге дейінгілер арасында Абзал Құттыбековтер кіші әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алған еді.
Сонымен қатар, 57 келі салмақта Оразбек Асылқұлов қырғызстандық Жеңісбек Белашаровты үйіне қайтарған болатын. Енді Асылқұлов 2021 жылы 60 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері өзбекстандық Әбдумәлік Халоковпен қолғап түйістіреді.
Жарнама