Бокс
Бүгін 16:26

"Странджа кубогі": Өзбекстандық екі чемпион қазақтармен жекпе-жектен бас тартты

©KBF

Бүгін басталатын бокстан "Странджа кубогі" халықаралық турнирінің бірінші күні Өзбекстанның екі боксшысы рингке шығудан бас тартты.

Олимпиада чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев 67 келіде қазақстандық Төрехан Сабырханмен, ал 60 келіде Абдумалик Халоков қазақстандық Серік Теміржановпен 1/8 финалдық айқастарын өткізу керек болған. 

Алайда Өзбекстан бокс федерациясының хабарлауынша екі боксшы да түрлі себептерге байланысты Болгариядағы турнирге қатыспайды. 

"Бірінші күнгі жекпе-жектер тізімінде Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоқовтың кездесуі бар еді. Алайда оның кәсіби жекпе-жегінің уақыты ертерек өзгертілгендіктен, Испанияға ұшып кететін болды. Демек ол бүгін "Strandja" турнирінде рингке шыға алмайды.

Тағы бір чемпионымыз Асадхожа Муйдинхожаев те бүгін Болгарияда жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ ол турнир алдында алған жарақатынан толық жазылмағандықтан, кездесуге қатыса алмайды, - деп хабарлайды boxinguzbekistan_official парақшасы.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport