Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа кубогінде" ел намысын қорғап жүрген Оразбек Асылқұлов жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ширек финалда жерлесіміз өзбекстандық Әбдумәлік Халоковпен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында Асылқұлов ашық айқас көрсетуге тырысты. Өз кезегінде Халоков ауыр соққылармен жауап беріп отырды.
Нәтижесінде Әбдумәлік 5:0 есебімен жеңіске жетті. Төрешілердің барлығы (30-27, 30-26, 30-27, 30-27, 30-27) бір ауыздан өзбек боксшыға ұпай берді. Осылайша, Әбдумәлік Халоков турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдені қоржынға салды.