Бокс
Кеше 19:05

Странджа кубогі: Қазақстандық боксшы жарыс жолынан шықты

©instagram/moldashev_52

Қазақстандық боксшы Дәулет Молдашев Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогіндегі алғашқы айқасында-ақ жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz.

Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен бұл турнирдің 1/8 финалында 57 келіде өнер көрсететін Дәулет әзірбайжандық Залимхан Сулеймановпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта әзірбайжандық боксшы 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта қазақ боксшы есесін қайтарғандай болды. Дегенмен үш раунд қорытындысы бойынша Сулейманов төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті де, жарысты ары қарай жалғастырады. 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport