#RingsideFracas аккаунты орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен WBC титулына ие доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.
#RingsideFracas бұл пікірді Brunch Boxing жариялымына қатысты жазды. Онда екі чемпион арасындағы титулдық кездесу 2025 жылдың тамызында өтуі мүмкін екені хабарланған еді.
"Маған бәрібір. Істе мұны, жігітім. Twitter-дегі бос айқайдың қажеті жоқ", – деп жазды #RingsideFracas.
I don’t mind whatever. Just get it done man. None of this Twitter war nonsense between the two https://t.co/t0Ji2myro2
— #RingsideFracas (@Ringside_Fracas) May 15, 2025
Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет рингке 5 сәуір күні Астанада шықты. Ол кезде қазақстандық боксшы франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, өз шеберлігін тағы бір дәлелдеген еді.
Ал Карлос Адамес өз титулын 22 ақпанда қорғады. Ол британдық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 КО) жұдырықтасып, тең түсті. Осылай Карлос чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Жарнама