АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен бокс кешіндегі жекпе-жектің бірі әсерлі әрі жылдам нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Супержеңіл салмақта өнер көрсететін америкалық проспект Эмилиано Варгас (15-0, 13 KO) эквадорлық Александр Эспиносамен (20-4-1, 9 KO) жұдырықтасты. Бұл айқас сегіз раундқа жоспарланған болатын, алайда, Варгас қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді - Эспиноса тіпті орнынан тұра алмай қалды.
Бұл жеңіс 21 жастағы Варгас үшін карьерасындағы 15-ші болды, 13 нокаут. Ал 44-ке келген Эспиноса үшін бұл төртінші жеңіліс және үшінші рет нокаутпен, Сонымен бірге ол, 20 рет жеңіске жетіп, бір кездесуін тең аяқтаған.