1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 14:36
 

Спорт министрі Әлімханұлының допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Спорт министрі Әлімханұлының допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады ©x.com/qazaqstyle

Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг-тестілеуден өте алмағанына байланысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг-тестілеуден өте алмағанына байланысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, қазір спортшының командасы В сынамасының ашылуын күтіп отыр.

"Иә, өкінішке қарай, маңызды жекпе-жек алдында осындай жағдай болды. Бірақ екінші сынама ашылады - 8 қаңтарда. Жәнібектің командасы да, біз де В сынамасының ашылуын күтіп отырмыз. Ақпаратты содан кейін жариялаймыз", - деді Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифинг барысында.

Допинг расталған жағдайда қандай салдар болуы мүмкін деген сұраққа жауап берген министр шешімді Антидопинг агенттігі (VADA) мен Бүкіләлемдік бокс ұйымы қабылдайтынын атап өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!