auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Спаррингтен кейін жақсарды, алайда Головкинге жету қайда - Санчес "Канело" жайлы

Спаррингтен кейін жақсарды, алайда Головкинге жету қайда - Санчес "Канело" жайлы
© Ring TV
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) бапкері Абель Санчес Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) олар өткізген спаррингтен бері күшейгендігін, бірақ мексикалыққа қазақстандықтың деңгейіне жетуге әлі алыс екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Спарринг туралы барлық мәліметті The Ring журналында жарияланған мақаладан оқи аласыздар. "Канело" ол кезде тым жас еді, меңінше, Сауль ол кезде 20 жаста болды. Орта салмақта жұдырықтасты, бірақ ол Головкин сияқты қатты соққы жасамайды. Олар сол кезде бір-біріне тек көмектесті. "Канело" ол уақытта Альфонсо Гомеспен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатқан болатын ", - дейді Головкиннің бапкері.

Сондай-ақ, Абель Санчес спаррингтен кейін барлығы өзгергенін айтады. Оның айтуынша, Сауль қазіргі уақытта күшейді.

"Бапкері онымен жақсы жұмыс жасаған. Бірақ Головкин де күшейді. Бұл бір-біріне қарама-қайшы екі стильде жұдырықтасатын боксшылардың кездесуі болмақ, дегенмен олардың ұқсастықтары бар. Екеуі де жұдырықтаса алады және екеуі де жақсы панчерлер. Иә, Сауль күшейді, бірақ ол көбіне шапалақпен жұмыс істейді. Дегенмен жігіттер осындай деңгейдегі жекпе-жек өткізуге лайықты", - деді Абель Санчес FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Абель Санчес осыған дейін Альварестің WBC титулына таласпайтыны туралы пікір білдірген болатын. "Бұл оның өз шешімі. Ол үлкен жігіт болды. Мұны өзі әрі командасы шешті. Мен оларды бұл үшін сынға алмаймын. Олардың нақты бір себебі бар шығар", - деген еді Санчес.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама