"Сөзінде тұрды". Мырзағали Айтжанов әлем чемпионының есе қайтаруы жайлы

©olympic.kz

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов боксшының жетістігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Олимпиададан кейін қайтадан шыңға шығу өте қиын. Токио ойындарынан кейін екі апта демалып, қайтадан жаттығуға кіріскенбіз. Сол кезде Сәкеннен қайталап сұрадым. "Мүмкін, қатыспай-ақ қоярсың, демаларсың" деген ой болды.

Бірақ ол өз ойынан айнымай, Олимпиадада кеткен есесін қайтаратынын айтты. Мінеки, тынымсыз дайындалған Сәкен сөзінде тұрды, әлем чемпионы атанды.  Мұның бәрі еңбекпен келді. "Еңбек бәрін жеңбек" деген сөздің дұрыстығын дәлелдеді", - дейді Айтжанов.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар